"Барлығына арналған карта": ForteBank жаңа өнімдерінің таныстырылымына шақырады
ForteBank қазақстандықтарды жаңа өнімдерінің таныстырылымына шақырады. ForteDemoDay деп аталатын бейнежазба 14 шілде күні сағат 15:00-де банктің YouTube-тағы ресми каналында көрсетіледі.
Іс-шарада Банктің жаңа карталары жайлы айтылмақ. Еске салсақ, Банк биыл мамыр айында ForteBlue және ForteSolo карталарын іске қосқан еді. Шығарылуы мен қызмет көрсету тегін ForteBlue дебеттік картасы жалақы алу үшін ыңғайлы болса, Solo картасымен клиенттер бірқатар артықшылықтарға және консьерж, телемедицина, сақтандыру сынды серіктестердің қызметтеріне қол жеткізе алады.
Ұйымдастырушылар бұл күні қатысушыларды тағы бір жаңалығымен таңғалдыратынын мәлімдейді.
"Мұндай картаны жасау менің ойыма кездейсоқ келді. Бірде мен әмиянымда жиналып қалған карталарды байқадым. Олардың бірін мен күнделікті шығындарыма, екіншісін ақша жинауға, үшіншісін бөліп төлеуге пайдаланушы едім . Одан бөлек, бір карталарды тек кешбэк үшін, тағы бірін жай қалтама салып жүретінмен. Басқа танымал банктердің карталарын да таныстарыма жылдам ақша аудару үшін қолданатынмын. Міне, неге осы карталардың барлығын біріктірмеске деген ой келді", – дейді бөлшек бизнес кураторы және Басқарма төрағасының орынбасары Владимир Кирушко.
ForteBank бұған дейін 2020, 2019 және 2018 жылдары өз өнімдері мен қызметтерінің таныстырылымын өткізген еді. 2020 жылы ForteMobile ұялы байланысы, валюта сатып алу және сатуға арналған ForteForex онлайн платформасы, ForteMarket дүкенінде "Қазақстанда жасалған" деген арнайы бөлім және басқа да өнімдер іске қосылды.
ForteBank-тің Facebook-тегі парақшасы: https://www.facebook.com/fortebank/
ForteBank-тің YouTube-тегі каналы: https://www.youtube.com/c/Fortekz
ForteBank-тің мобильді қосымшасы: https://app.forte.kz/kk

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
