Алматы облысында вакцинадан бас тартқан тәрбиеші жұмыстан шеттетілді
Алматы облысында балалар үйінің тәрбиешісі вакцинадан және ПТР тест тапсырып отырудан бас тартты. Осыған байланысты балалар үйінің қызметкері уақытша жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы негізінде "Талдықорған қаласының Алматы облыстық мамандандырылған балалар үйі" КММ қызметкерлеріне вакцина алу немесе ПТР тест тапсыру қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді", – деп хабарлады Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Балалар үйінің 93 қызметкерінен төртеуінде медициналық қарсы көрсеткіші бар. Тәрбиеші Н.Зубкова вакцинадан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш берді, сонымен қатар ПТР тест тапсырудан бас тартты.
Қазіргі уақытта Н. Зубкова 3 шілдеде жұмыстан шеттетілді. Қалған қызметкерлер вакцина салдырды.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады