Ғалымдар алдағы уақытта коронавирустың тағы 22 штаммы пайда болатынын болжады
Vir Biotechnology және Темпл университетінің геномика және эволюциялық медицина институтының ғалымдары математикалық есептеулер негізінде коронавирустық мутацияны болжауға мүмкіндік беретін модель жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олардың болжамына сәйкес, алдағы төрт айда 22 жаңа SARS-Cov-2 мутациясы пайда болады. Сонымен қатар сарапшылар коронавирустың бүкіл әлемге кең таралатын және пандемияның әртүрлі кезеңдерінде әрекет ететін өзгерістерін ескереді.
Модельдің коронавирустың жаңа мутациясы таралмай тұрып бес ай бұрын болжай алатындығы нақтыланған. Жаңа модельдің көмегімен ғалымдар бұған дейінгі вирус штаммдарынан бөлек, L452R, P618R, E484Q мутациясын да болжады. Яғни бұл олардың үнділік "Delta" штаммы әлемге жайылмай тұрып, оның туындайтынын болжаған дегенді білдіреді.
Еске салсақ, бұған дейін зерттеушілер коронавирустың жаңа тасымалдаушысын анықтаған еді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ