Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда "дельта +" штаммымен тіркелген алғашқы науқас көз жұмды

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында дельта + коронавирус штаммымен ауырған адамның алғашқы өлімі тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы алғанда, мемлекет осы штаммның бес жағдайын тіркеді.

“Сынамалары "дельта +" нұсқасына оң нәтиже берген бес адамның төртеуі вакцинаны қабылдағанын және қазір олардың денсаулығы жақсы екенін атап өткен жөн. Алайда вакцина алмаған науқас вирустың салдарынан қайтыс болды”, – деді мемлекеттік министр Вишвас Саранг.

"Известия" басылымының жазуынша, коронавирустың бұл штаммы өкпенің тез зақымдалуына байланысты аурудың басқа түрлерге қарағанда қауіпті.

Үндістандық мутация COVID-19 наурыз айында Үндістанның Махараштра штатында табылды. 

Кейіннен коронавирустың бұл нұсқасы әртүрлі елдерде табылды. "Дельта +" жаңа штаммы масақ протеинінде K417N мутациясының болуымен ерекшеленеді. Бұл  коронавируспен ауырған және вакцинацияланған адамдардың сарысуы мен антиденелерінің белсенділігін төмендете алады.

Талқылау