Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар сапасыз интернетке қалай шағымдана алады?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтар нашар интернетке қалай шағымдана алатынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Интернеттің сапасын арттыру үшін біз арнайы қондырғы сатып алдық. Бұған дейін олардың саны республика бойынша алтау ғана болатын. Яғни, бүкіл ел аумағына осы 6 қондырғыны пайдаланып келген едік. Қазір 17 өңірде 17 қондырғы бар. Әр облыстың орталығында тұр. Өңірлердегі интернет сапасын тексеру үшін өңірлерге шығып тұрамыз", - дейді министр. 

Айтуынша, желі арқылы келіп түскен шағымдар негізге алынбайды. 

"Facebook, Instagram арқылы көп өтінім келеді. Біз оларды тексеруге негіз етіп пайдалана алмаймыз. Бас прокуратураның бизнесті қорғау аясындағы талабы осындай. Біз азаматтардың жазбаша өтініші бойынша ғана тексеру бастай аламыз. Ол өтініше шағымданушының өзі қол қою керек немесе ЭЦҚ арқылы расталған болуы керек. Сондықтан, біз шынымен ауылдарыңызға барып интернет сапасын өлшем, қажетті шаралар қабылдағанымызды қаласаңыздар, шағымдарыңыз министрлікке тікелей ресми бағытталуы керек. Телекоммуникациялар комитетіне де жолдауларыңызға болады",  - деп қосты Мусин. 

Еске салайық, бұған дейін министр интернеті нашар болғандықтан, KCell компаниясына айыппұл салынғанын айтқан еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр