Алматыда блокпост қойылып, қала жабыла ма: Әкімнің жауабы
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала карантинге жабылып, блокпост қойыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қала жабылмайды. Әзірге бұл сұрақты қарастырып жатқан жоқпыз. Біз осыған дейін қабылданған карантиндік шараларды сақтап, соның нәтижесінде қаладағы эпимемологиялық жағдай тұрақталады деп үміттенеміз. Өздеріңіз білетіндей, 20 наурыздан бастап Наурыз меркесіне байланысты карантиндік шектеулер енгізілген болатын. Одан бөлек, кеше қалалық бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Онда қалада коронавирус індетінің етек жаюына байланысты карантиндік талаптар күшейтілді", - деп жауап берді қала басшысы Сағынтаев.
Әкімнің мәлімдеуінше, Алматының одан әрі эпидемиологиялық тағдыры 2 аптадан соң белгілі болады.
"Бүгін біз аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен жүздестік. Кездесуде бір жарым сағаттай бизнес жұмысы мен оны қолдауға қатысты мәселелерді талқыладық. Әрине өз тарапымыздан бизнес өкілдеріне қолдау көрсетеміз. Сол үшін де арнайы жұмыс тобы құрылды. Біз карантиндік талаптарға қатысты шешімді 2 аптаға қабылдадық. Келесі аптаның соңында жиналып, жағдайдың қалай болатынын көреміз. Соның нәтижесінде қаладағы карантиндік талаптар мен шаралар қайта қаралатын болады. Қала жабылмайды, бірақ жағдай одан әрі нашарлай түссе бәрі мүмкін",- дейді ол.
Сағынтаевтың сөзінше, қаладағы инфекциялық орынның 75 пайызы бос емес.
"Бүгінде қалада 1800 инфекциялық орын бар. Оның 75 %-ы бос емес. Яғни инфекциялық орындардың 25% бос. Жалпы саннан бүгінде бос орындар саны 48% құрайды. Жансақтау бөлімінде 280 орын бар, оның 46% бос емес. Таңертең 52% болған, қазір жаңа мәліметтер келді. Біз жансақтау орындарын арттырамыз. 139 жаңа жансақтау орнын дайындаймыз", - деді әкім.
Бұған дейін Алматы әкімі қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың қиын екенін айтып, коронавирустың үшінші толқыны басталғаны туралы мәлім етті.
Әкімнің сөзінше, қала бойынша 16 аурухана өкпені жасанды тыныс алу аппарытымен қамтамасыз етілді. Сол сияқты Алматыда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

Азық-түлік, газ, темекі қымбаттайды, әскерилер үйді жекешелендіріп ала алады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді
