Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42 жастағы әйел гей інісі мен оның күйеу жігітіне суррогат ана болып берді

Ұлыбританияның Манчестер қаласында 42 жастағы Трейси Халс есімді әйел гомосексуал бауыры Энтони Диган мен оның күйеу жігіті Рэй Уильмстың болашақ сәбилеріне суррогат ана болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Британиялық азаматтар Энтони Диган мен Рэй Уильмс мемлекеттен ЭКО жасатуға 36000 фунт стерлинг (шамамен 21 млн теңге) алған көрінеді. Екі "ата-ана" да өздерінің спермотозоидтарын ұрықтандыру орталығына өткізген. Дегенмен олар баланың әкесі нақты кім болатынын анықтаудан бас тартыпты. 

Екі жұпқа көмек қолын Энтонидің әпкесі Трейси Халс созған. Қазіргі таңда әкелердің бірі нәрестенің өмірі үшін алаңдамайтынын жеткізген, себебі Трейси қазір алты баланы тәрбиелеуде. Бүгінгі таңда әпкесі мен інісінің арасындағы қатынас жаңа туған нәрестенің арқасында одан сайын жақындапты. 



"Біз Трейсимен басқаларына қарағанда әрдайым жақын болатынбыз. Екеуміз інісі мен әпкесі емес, жақын достар секілдіміз. Тұрмысқа шығар кезде әкеміздің орнына мен неке қию салтанатында оны шығарып салдым. Енді 17 жылдан кейін ол бізге әке болу бақытын сыйлады. Оған деген қарызымызды өмір бойы өтей алмайтын шығармыз", - дейді Энтони. 

Ер азаматтар суррогат ананы бір жыл бойы іздеген. Алайда еш нәтиже болмаған соң, балалы болу бақытынан күдер үзе бастапты. 

"Бір жыл өтсе де, олар әлі сурорагат ана таба алмай жүрді. Мен көмектескім келді. Бұған дейін қалжыңдап, екі рет суррогат болуға дайын екенімді жеткізген едім. Үшінші рет қалжыңсыз айттым. Олар келіскен кезде бір марқайып қалдым. Бұл інімнің маған деген сенімін тағы бір рет көрсетті", - дейді Трейси. 

Айтуларынша, ЭКО жасату екі рет сәтсіз өтіп, тек үшіншісінде ғана ұрықтану процесі жүзеге асқан. Сәби 2020 жылы қазанда дүниеге келіп, оған Тео есімі берілген. 

Талқылау