Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денесі үйіндінің астында қалған: Қарағанды шахтасында болған жарылыстан бір адам қаза тапты

Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада болған апаттан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Құтқарушылар үйінді астында қалған кеншінің денесін алып шықты. 37 жастағы Николай Шадиров метан газы атылғанда өзгелермен бірге қашып шығып үлгермеген.      

"Машинистің көмекшісі Мұхтахов пен кенші Изячин апат болған сәтте жоғары қарай қашып үлгерген. Шадиров ұңғымадан шыға алмай қалған", - дейді  ҚР ТЖМ Қарағанды облысындағы өндірістік қауіпсіздік департаментінің бастығы Кеңгірбай Есенеев.

Ал 52 және 23 жастағы екі кенші газға тұншыққан. Қазіргі жағдайлары орташа, үш күннен соң үйіне шығарылады.

Ал газ атылғанда үйінді астынан шыға алмаған Николай Шадировтың денесін құтқарушылар түстен кейін ғана тапты. Артында кәмелетке толмаған екі баласы мен жары қалды. Марқұм шахтада 16 жыл жұмыс істеген. "Арселор Миттал" компаниясы оның отбасына заңнамаға сәйкес өтемақы төлейтінін хабарлады.

Шахтадағы апат 13-қаңтарда кешкі сағат 9-дан кете болған. Апаттан соң жер астындағы 136 кенші шұғыл түрде шығарылыпты. Қазір кен орнының жұмысы уақытша  тоқтатылған. Арнайы комиссия апат себебін анықтауға кірісті. 

Еске салсақ, Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға тиесілі Ленин атындағы шахтада апат болды.

Жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы белгілі болды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 14 Қаңтар, 2021 20:23
Талқылау