Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың жаңа штаммы Қазақстанға келді ме: Бас санитарлық дәрігер айтып берді

Қыркүйек айында коронавирустың жаңа штаммы тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

врач

"Қыркүйек айында Англияның оңтүстік-шығыс бөлігінде коронавирустың жаңа штаммының алғашқы жағдайы анықталды (MERS-CoV-2 VI 2012/01), ол генетикалық желінің көптеген өзгерістерінен тұратын вирустық геномдық секвенирлеу көмегімен анықталды", - дейді бас санитарлық дәрігер. 

Бас санитарлық дәрігер қазіргі таңда елімізде коронавирустың жаңа штаммы анықталмағанын айтты. Алайда оның келу қаупі бар. 

"Алдын ала деректер бойынша аталған вирус халықтың жас топтары арасында белсенді таралуда. Бірақ бұл тек алдын ала деректер, оны зерделеу жалғасуда. Қазақстанда вирустың бұл типі анықталған жоқ. Вирустың ауа-тамшы арқылы берілу механизмін ескере отырып, оның елімізге әкеліну қаупін жоққа шығаруға болмайды", - дейді Қиясов. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 13 Қаңтар, 2021 16:03
Талқылау