Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ЦКБ сиқыршылары" "Күн бала" қорындағы балаларға жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ЦентрКредит Банкінің (ЦКБ) қызметкерлері даун синдромына шалдыққан балалар мен жеткіншектерге арналған "Күн бала" қоғамдық қорындағы ерекше бүлдіршіндерге тосынсый жасады. Бұл үшін Банктегілер "ЦКБ сиқыршылары сыйлықтар сылайды" науқанын ұйымдастырды. 

БЦК

Екі апта бойы ЦКБ қызметкерлері ерекше балалардың қажетіне орай сыйлық іздеді. Тосынсый таңдағанда басты назар ойыншықтар мен кітаптардың пайдасына аударылды. Бұған қоса, балақайдың жас ерекшелігіне де көңіл бөлінді. Барлық сыйлықтарды, қағаз орамалар мен қаптардың барлығына Банктен арнайы бөлме жасақталып, 25 желтоқсанда сыйлықтар балаларға жеткізілді. 

"Біз балалар үшін сыйлықты қуана-қуана таңдадық. Жаңа жылда әр адам, әсіресе, балалар қандай да бір сиқырды, таңғажайыпты күтетіні бар. Сол себепті балалардың арманын орындап жатқан біздің қызметкерді мақтан тұтамын. Олар екі жүзден астам ерекше бүлдіршінге қуаныш сыйлады", - деді ЦентрКрдеит Банкінің басқарма төрағасы Галим Хусаинов.

Карантиндік шектеулерге байланысты балалармен жаңа жылдық шырша кешін ұйымдастыру мүмкін болмады. Дегенмен Банк қызметкерлерінің сыйлықтарын қор өкілдері бүлдіршіндердің ата-аналарына табыстады. 

"ЦентрКредит Банкінен біздің қорымыздағы 200-ден астам адамға жеке сыйлық береміз деген бастамасын жайлы біліп таңғалып та, риза болып та қалдық. Бізде мұндай ауқымды іс-шара бірінші рет ұйымдастырылып тұр, бұған дейін осыншама көп балаға сыйлық бірден жасалмаған еді. Осы науқанға қатысып, ықыласы мен қамқорлығын көрсеткендердің әрбіріне алғыс білдіреміз", - деді "Күн бала" қорының жетекшісі Алла Джан-Ша. 

Былтыр жаңа жыл қарсаңында ЦентрКредит Банк қызметкерлері осыған ұқсас "Тілектер шыршасы" науқанын ұйымдастырған еді. Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының балаларының Аяз атаға жазған тілек-хаттары Банктің кіреберісінде орналасқан үлкен шыршаға ілінді. Өз кезегінде ЦКБ қызметкерлерінің әрбірі бір хатты таңдап онда жазылған баланың сыйлығын алып, арманын орындады. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Желтоқсан, 2020 15:34
Талқылау