Жамбыл облысында зорланған қыздың ісінен кейін даладағы дәретханалардың барлығы жабылды
Жамбыл облысында мектептердегі сыртқы дәретханалар мәселесі шешілді. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Дәретханасы далада орналасқан 285 мектептің барлығында мектеп ішіндегі жуынатын бөлмелер жасадық. Мен өзім жүздеген мектептерді өз көзіммен тексердім деп айта аламын. Барлық жерде барлық жағдай жасалған. Сондықтан бұл мәселе бойынша мемлекет басшысының тапсырмасы орындалды", - деді Сапарбаев.
Сондай-ақ, барлық мектептерде бейнекамералар орнатылғанын айтты облыс әкімі.
2019 жылдың қараша айында Тараз қаласындағы орта мектептің ауласында сабақ кезінде дәретханада 12 жасар қыз зорланған. Іс қоғамда үлкен дау тудырды. Көшедегі дәретханада жетінші сынып оқушысын зорлаған адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды.
Осыдан кейін мемлекет басшысы Қазақстанның барлық мектептеріндегі барлық көше дәретханаларын жою туралы бұйрық берді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”