Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға мен Әлия Назарбаевалар "желідегі парақшасында" ұтыс таратып жатыр

Facebook әлеуметтік желісінде Дариға мен Әлия Назарбаевтардың жалған парақшалары пайда болды. Олар пайдаланушыларға керемет ақшалай ұтыстар ұсынды. Ал шын мәнінде, бұл тек жеке деректерді алудың жаңа тәсілі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтар желі қолданушыларына 200 мың теңгеден 800 миллионға дейінгі соманы ұтуы үшін есімінің бірінші әрпін латын қарпінде таңдап, фишингтік сайтқа өтуді ұсынған.

Компьютерлердің мұндай ресурстармен байланысы, әдетте, қорғалмайды, демек сайтқа кірушілер қалдыратын ақпаратты үшінші тұлғалар ала алады.

Осылайша алаяқтар төлқұжат деректері мен төлем карталарының деректерін, жеке аккануттардың, оның ішінде интернет-банкингтің құпиясөздерін біле алады. Осы және басқа ақпараттың көмегімен алаяқтар жәбірленушінің компьютерін немесе мобильді құрылғысын толық бақылауға ала алады.

Талқылау