Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында қыз қоңырау шалу үшін телефон сұрап, өзіне ақша аударып алған

Ақмола облысындағы кафелердің бірінде бойжеткен ер адамнан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, ұялы банкинг арқылы өзіне ақша аударған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"32 жастағы ер адам алаяқтық фактісі бойынша полиция бөліміне жүгінді. Ол кафеде белгісіз қыз қоңырауды сылтауратып, телефон сұрап, мобильді банкинг арқылы жәбірленушіге тиесілі ақшаны аударып алған", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Патрульдік полиция қызметкерлері ізін суытпай 15 минут ішінде 20 жастағы қала тұрғынын ұстады. Кейінірек, қыз өзінің досына қоңырау шалу үшін жәбірленушінің смартфонын алып, Kaspi қосымшасы арқылы оның шотына 10 000 теңге көлемінде ақша аударғанын мойындады.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлімі "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

STAN.KZ
Сенбі, 07 Қараша, 2020 11:32
Талқылау