Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ботаникалық бақ аумағына спорт кешенін салу: Нұр-Сұлтан әкімдігі түсіндірді

Ботаникалық бақтың аумағында Нұр-Сұлтанда спорт орталығын салу жоспарлануда. Жаңа құрылысқа қатысты қала әкімдігі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Спорт орталығы шағын аумақта, ботаникалық бақтың жоғарғы бұрышында салынады. Орталық салынатын жерде ағаштар жоқ" - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құрылыс жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, жоба 2018 жылы қала құрылысы кеңесінде мақұлданған және қаланың бас жоспарына сәйкес келеді.

"Спорт орталығы ботаникалық бақтағы қолданыстағы велосипед пен жүгіру жолдарының желісімен бірыңғай байланыста жұмыс істейтін болады. Бұл спорт орталығы - халықтың көбі үшін қол жетімді болатын әлеуметтік нысанға айналады", - делінген хабарламада.

Ботаникалық бақтағы ағаштар Нұр-Сұлтанда 2012 жылдан бастап отырғызыла бастады. Ресми ашылуы 2018 жылдың жазында өтті. Қазіргі уақытта бұл Қазақстан астанасындағы ең үлкен саябақ.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 02 Қараша, 2020 16:45
Талқылау