Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp мессенджерінде көптен күткен қызмет іске қосылды

WhatsApp мессенджерінде алдағы уақытта ерекше қызмет іске қосылады. Көптен күткен функциялардың бірі пайда болады.

Көп ұзамай, мессенджер өз қолданушыларына кейбір чаттардан хабарламаларды біржола өшіруге мүмкіндік береді. Егер бұрын бұл қызмет тек сегіз сағаттық, бір апта және бір жылдық мерзімге дейін болса, енді бір жылға арналған опция «мәңгілік» тармаққа ауыстырылады.

Әзірге бұл қызмет бета-нұсқаларында ғана пайда болды. Жақында мессенджер бұл параметрді барлық пайдаланушыларға ұсынады.

Сонымен қатар WhatsApp қолданбадағы сақтауды басқаруға арналған жаңа пайдаланушы интерфейсін тексеріп жатқаны белгілі болды. Ол v2.20.201.10 жаңартылғаннан кейін кейбір қолданушылар арасында пайда бола бастады.

Мессенджерге әртүрлі типтегі файлдар кеңістігін басқаруға рұқсат беріледі. Сонымен қатар, WhatsApp-та қолданушыларға кескінді немесе бейнені өңдеу кезінде мәтін мен стикерлерді торға туралау мүмкіндігін беретін медиа нұсқаулық мүмкіндігі болады.

STAN.KZ
Жұма, 02 Қазан, 2020 17:25
Талқылау