Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы Questra World қаржы пирамидасының шығыны белгілі болды

Қазақстанда Questra World қаржы пирамидасынан мыңнан астам азамат зардап шекті. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасы 2016-2017 жылдары Questra World, Questra Holding, Atlantic Global Asset Management, Five Winds Asset Management деп аталатын қаржылық пирамидасына қатысты Қазақстан және басқа да ел азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың әрекеттерінен мыңдаған қазақстандықтар зардап шекті. Шығын мөлшері миллиард теңгеден асты", - деді Ораз брифингте.



Еске салайық, Questra World қаржылық пирамидасының негізін қалаушылардың бірі тамыз айының соңында Беларусьтен Қазақстанға экстрадицияланды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, Ольга Клейнард Қазақстандағы алаяқтардың іс-әрекетін бақылаған.

Өткен аптада Ораз Қазақстандағы өкілдеріне қарсы 29 қылмыстық іс қозғалған тағы бір қаржылық пирамида - Qnet туралы айтты. 220 адам жәбірленуші деп танылды. Белгіленген материалдық залалдың мөлшері 160 миллион теңгені құрайды.

Талқылау