Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қырғызстанмен әуе қатынасын ашуды ұсынды

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қырғызстанмен әуе қатынасын жаңғыртуды ұсынды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұшақ

Ал Ресеймен жағдай әлі анық емес, өйткені Ресей репатриациялық рейстерді қоспағанда, Қазақстанмен барлық әуе қатынастарын тоқтатқан.

"Қырғызстанға келетін болсақ, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе қатынасын жаңарту туралы ұсыныс жасады. Бұл мәселе ведомствоаралық комиссияда шешілетін болады", - деп мәлімдеді ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін БАҚ-та Қырғызстан Қазақстанды азаматтары республикаға кіре алатын елдер тізіміне енгізгені туралы ақпарат пайда болды, бірақ туристердің Қырғызстанға демалуына рұқсат беру туралы ведомствоаралық комиссияның шешімі әлі жоқ.

Кейінірек шетелдіктердің тек шектеулі санаттары Қырғызстанға кіретіні белгілі болды (емдеу мақсатында келген Қырғызстан азаматтарының отбасы мүшелері және т.б.), туристер бұл тізімге кірмейді. Қырғызстан шекарасын кесіп өту ережелерімен толығырақ мына жерден танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне, Беларусь Республикасына, Германияға, Нидерландыға, Египетке, Украинаға және Ресей Федерациясына ұшуды қайта бастауға рұқсат етілген. Бұл ретте Ресейге ұшуды орындау үшін екі елдің авиациялық органдарының қосымша келісімі қажет.

Бұған дейін хабарланғандай, Польша республиканы "тыйым салынған" елдер тізіміне қосты. Ал Швейцарияның Федералды денсаулық сақтау басқармасы Қазақстанды карантинді сақтау қажет елдер тізімінен алып тастады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Қыркүйек, 2020 10:22
Талқылау