Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекшин: Демалыс күндері тауға шығуға тыйым алынған жоқ

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте демалыс күндері тауларға баруға әлі де тыйым салынғанын айтты, деп хабалайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тауларға баруға қатысты шектеулер өзгеріссіз қалады", - деді Бекшин.

Жаяу және велосипедпен жүруге тек жұмыс күндері ғана рұқсат етіледі, ал демалыс күндері Медеу, Алма-Арасан және басқа да ұлттық парктерге баруға тыйым салынады.

Сондай-ақ, Алматының бас санитарлық дәрігері 17 тамызда қалада қандай нысандар іске қосылатынын айтты.

Алматыда 17 тамыздан бастап жұмысы қайта жанданатын орындар:
- Сауда орталықтары, сауда үйлері( бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 1 келушіге 30 пайыздан, 4 шаршы метрден аспайды);

- сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 шаршы метр);

- бассейндері жоқ фитнес орталықтары( 50 пайыз толтыру, 1 келушіге 5 шаршы метр), бассейндері жоқ моншалар мен сауналар (50 пайыз толтыру, 1 келушіге 4 шаршы метр);

- балалар түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары (5 адамнан аспайтын топтар, жазба бойынша);

- мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық емес);
- ашық аттракциондар(қашықтық, маскалар, ағынды реттеу).

Ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, спорт базаларында тұруға, эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын сақтауға) рұқсат етіледі.

Қоғамдық көлік қозғалысы отырғызу орындарының саны бойынша толғанда, соңғы аялдамаларда желдетуді және дезинфекциялауды қамтамасыз еткенде қайта басталады.


22-23 тамызда Қазақстан қатаң карантин режиміне қайта оралады: Денсаулық сақтау министрі түсіндірді 


Тыйым салу сақталатын орындарға: 

- ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізу;

- барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған өзге де ойын-сауық орындарының жұмысы:

- мәдениет объектілерінің, Мұражайлардың қызметі, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізу;

- бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер жұмысына;

- діни нысандардың жұмысы;

- қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының қозғалысы, жұмыс поездарын, қалааралық автобустарды/шағын автобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды қалыптастыру.

Айта кетейік, 17 тамыздан бастап елімізде карантин шаралары жеңілдетілді, алайда демалыс күндерінде карантин сақталады. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде демалыс күндері неліктен сақталатынын түсіндірді.

Талқылау