"Барлығы да марқұмның туыстары": Ақтауда жерлеу рәсіміне жиналған жұрт жайлы ПД түсініктеме берді
Ақтауда елдегі қатаң карантинді ескерместен жүздеген адамдар Маңғыстау облыстық ПД-нің бұрынғы басшысының анасын ақтық сапарға шығарып салуға жиналған. Қазіргі таңда марқұмның туыстары жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Бұған дейін жергілікті тұрғындар қаланың екі ықшам ауданындағы жолдарды жауып тастады деп шағымданғаны айтылған еді. Қайтыс болған кейуана тұрған үйде дүйім жұрттың жиналғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде лезде таралып кетіпті.
Кейіннен аймақтың полиция өкілдері марқұмның туыстарының үстінен әкімшілік іс толтырылғанын мәлім етті. Олар 30 АЕК, яғни 83 340 теңгелік айыппұл арқалаған.
"Аталған оқиға бойынша іс Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау органдарына жіберілді. Марқұмның туыстарының сөзінше, жиналғандардың көбі олардың туыстары. Әлеуметтік арақашықтық сақталып, барлығы да маска киген", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысының ПД өкілдері.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді