Жанкүйерлері Бритни Спирсті босатуды сұрайды: Әншіні күштеп ұстап отырған кім
Бритни Спирс бала күнінде де жасөспірім шағында да әлемге танымал әнші болды. Мұндай атақтың әншіге кері әсер еткен тұсы көп. Жанкүйерлері әншіні бостандыққа шығаруын талап етуде.
Әншінің есірткі шегіп, есінен адасқан күндері болды. Жолдасы Кевин Федерлайнның оның тұрақсыздығына байланысты балаларды өз қорғауына алды. Бұл Бритниге одан әрі салмақ болды.
Бритни 2007 жылы камера алдында шашын тақырлап алып, мас күйінде журналистер назарына ілікті. Бір кезде қолшатырмен көлік терезесін сындырған еді. Бұл әрекетінен соң әкесі Бритниді қорғауына алды. Алайда әкесі мен қызы ортақ тіл табыса алмады.
Әнші ретінде Бритни көп мөлшерде тапқан өз ақшасын ұстай алмады. Көлік жүргізуге құқығы болмады. Тіпті адвокат жалдай алмады. Барлығына әкесі жауап беретін болды.
2019 жылы ұзақ уақыт дайындаған жаңа шоуынан бас тартты. Әкесі ауырғанына байланысты желіден де көрінбей кетті. Кейіннен Джейми Спирстің қызын күштеп емханаға жібергені анықталды. Оған мәжбүрлі түрде дәрі ішкізген.
Әншінің жанкүйерлері оны босатуды талап етті. #freebritney хештегі арқылы оған бостандық сұрады. Жанкүйерлері желі арқылы әншіден егер көмекке мұқтаж болса, бірқатар талаптарды орындауды сұрады. Бритни олар айтқандай сары топ киіп, екі рет көзін ашып-жұмды. Би кезінде айналып, кептердің суретін жариялады. Бұл жанкүйерлерінің сұранысы еді.
Бритнидің анасы желіде әншіге бостандық сұраушылардың пікіріне лайк басып жатыр. Желідегілерден осы әрекетін тоқтатпауды сұрайды. #freebritney хештегін Майли Сайрус, Роуз Макгоуэн сынды әншілер де қолдады.
Қазір қамқоршылықты жалғастыру туралы сот әлі де жалғасуда, сондықтан жанкүйерлер ешнәрсе жасамайды және кумирін босату үшін барлығын жасауға дайын.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
