"Полицейлердің қарапайым халыққа не істейтінін елестету қиын": Әнші Кентал тергеу барысында өзін қорқытқаны жайлы айтты
Тыңдармандарына Кентал есімімен таныс Талғат Кенжеболатовтың даулы ісі жайлы тың деректер пайда болды. Бұл туралы танымал қазақстандық әнші оқырмандарына тағы да үндеуінде айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Алғашқы кезекте мені қолдап жатқан барлық адамдарға алғысымды білдіргім келеді. Шыны керек, егер бұл соншалықты қажет болмаса, мен бүкіл елді дүрліктірмес едім. 13 шілде күні мені заңсыз түрде тұтқындап алып кетті. Ол кезде тіпті, менің үстіме ешқандай арыз түсіп, қылмыстық іс қозғалмаған. Мені бірнеше сағат бойы қамап ұстады. Өзімнің адвокатыммен кездестіруге рұқсат бермеді. Мен қазір тиісті органдарға осы жағдайға байланысты шағымдандым. Әділдік орнайды деген ниеттемін", - дейді Кентал.
"Жігіт көрмеген қыз": Өзге ұлт өкіліне үйленген Кентал келіншегі жайлы алғаш рет айтты
Сөзінше, оны тұтқындауға арнайы жасақ та жұмылдырылған.
"Ай-шай жоқ, мені бір құдды қылмыскер сияқты алып кетті. Егер анықтама не шақырту жіберсе, мен полиция бөліміне өзім-ақ барар едім. Мені қылмыстық полиция басқармасының басшының кабинетіне отырғызып қойды. Іңкәров мырза этиканы сақтамай, аузына келгенді айтып, мені адвокатыммен қоса түрмеге қамап тастайтынын жеткізді. "Сен жүргізушісің ғой, егер қажет болса, мен қаладағы бүкіл жол сақшыларын аяққа тік тұрғызып, сенің артына салып қоямын" деп айтты", - деп қосты өнерпаз.
Кентал одан кейін қалалық ПД бастығы Әбілбеков Берікке жіберілгенін айтады. Әншінің сөзіне сүйенсек, ол ПД басшысын танып, қуанып кеткен. Айтуынша, ПД басшысының басы дауға ілінгенде Кентал оны қолдаушылардың қатарында болған.
Полиция бастығын қолдаймын: Қазақстандық ерлер Әбілбековты қолдау үшін жастықпен суретке түсті
"Бірақ ол да маған түсінушілікпен қарамады. Менің өзіме, сонша адвокаттарым, танымалдылығым бола тұра, осылай жасап жатса, қарапайым адамдардың жайы не болмақ? Ол тіпті өзіне адвокат жалдай алмайтын еді ғой. Мен өз орныма оларды қойып, елестете алмаймын. Мен әрқашан да полицейлерді сыйлаймын. Олардың арасында кәсіби мамандар көп. Алайда жоғарыда айтылған азаматтардың бұл әрекеттерін мен түсінбеймін", -деді Кентал.
Бұған қоса ол видеоның астына бұрынғы түсірген бейнежазбасы жайлы жазып кетті.
"Менің бұл вайным 4 жыл бұрын түсірілген. Мен ол кезде бүкіләлемдік COVID-19 пандемиясы басталып кетеді деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті. 2016 жылы мен коронавирус деген сөзді естімеген де едім. Мен актерлік тәжірибемде 20-дан астам рөлдерді сомдадым, олардың арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің рөлдері бар. Видео түсірген шақта мен учаскелік инспектор болып, комедиялық телехикаяға түсіп жатқан болатынмын. Үстімдегі киімім де жай ғана реквизит. Менің ешкімді ренжіткім келген жоқ, ондай ойым болмады да. Бұл жай ғана барлығы түсіне бермейтін қалжың. Бейнежазба желіде жүргеніне 4 жыл болды. Танымал желідегі топтар тіпті бұл видеоны бірнеше рет көрсеткен болатын. Барлықтарыңызға амандық тілеймін. Құдай барлығымымызды ауру-сырқаудан сақтасын", - деп жазыпты әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы әнші Кенталды адамдардың ауыр хәлін мазақ етті деп айыптаған еді. Бұған дейін әнші полиция қысым көрсетіп жатқанын айтыпты.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
