Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрғындар танымай қалады": Нұр-Сұлтанда Азия чемпиондары курьер болып жұмыс істеуде

Елордалық Азия чемпиондары курьер болып жұмыс істеп жүр. Ерлі-зайыпты спорт шеберлері карантин кезінде жұмыссыз қалып, нәпақасын осы саладан табуды жөн көріпті. Жас шаңырақ иелерінің сөзінше, ас-су тасып, тұрғындарға қызмет көрсетуде тұрған ұятты ештеңе жоқ. Бастысы адал еңбекпен нан тауып, өзгеге қол жаймау дейді олар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.

спортшылар

Амилия Искакова мен Құдайберген Зейнолла

Құдайберген Зейнолла мен Амилия Искакова - Қазақстанның атын бүкіл Азияға паш еткен спорт шеберлері. Құдайберген жеңіл атлетикадан ел ішіндегі біріншіліктерде талай биіктен көрінсе, Амилия әйелдер арасындағы веложарыстан Азияның бірнеше дүркін чемпионы. Шаңырақ көтерген бойда жас жұбайлардың спорттық мансаптары тұралап қалған. Бұған себеп - пандемияның кесірінен елімізде жарияланған төтенше режим мен карантин. Спорт кешендері жабылып, жұмыстары тоқтап, жалақысыз қалыпты. Бірақ Құдайберген мен Амилия қол қусырып жатпай, өзге кәсіптің тұтқасын ұстап, ақша табуға кіріскен.

"Жұбайымыз екеуміз бірге бардық. Босқа отырғанша үйде біз жұбайымыз екеуміз курьер боламыз деп шештік. Бір жағынан жаттығу да болады, бір жағынан өзіміз ге де ақша жағынан көмек және елге де көмек деп. Қысылтаяң шақта ешкімге қол жаймай, өзге жұмысты ұршықша иірген қос спортшы әрі жас жұбайлармен бірге мен де қала аралап, ас-су жеткізуді жөн көрдім",  - дейді жеңіл атлетикадан ҚР спорт шебері Құдайберген Зейнолла.

Чемпион қыз Амилияның айтуынша, кейбір кездері тұрғындар оны танымай қалып жатыд екен. Десек те ол үшін жұрттың спортшыны танып не танымауы маңызды дүние емес. Бастысы курьер бола жүріп ақша тауып, әрі велосипедпен жаттығуға да болады.

"Велосипедпен тапсырыс жеткізу, маған пайдалы болды. Таза ауада жаттығу, әрі жаттыға жүріп табыс табуға мүмкіндік болды. Курьер болуға еш қысылмадым, ұяттығы жоқ. Қайта қиын кезде адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп көмектестік деп ойлаймын", - дейді велоспорттан халықаралық деңгейдегі спорт шебері. 

Велошабандоздың клиенттерге ас - су тасып, нәпақасын тауып жүргенін әлеуметтік желілер арқылы білген жандар таңданысын білдіріп, ризашылықтарын жеткізген.

"Әрине айлығыңыз қанша тасырыс жеткізгеніңізге байланысты. күнделікті шықсаңыз шамамен жалақы айына 200 мың теңгеге жетіп қалады", - деп қосты спортшы қыз. 

Ал пандемия кезінде талай жан табысынан айырылды. Олардың ішінде 2000 жылдардың басында жұлдызы жарқыраған ресейлік «Отпетые мошенники» тобының мүшелері де бар. Топтың экс-солисті Игорь Богомазов таксист болып нәпақасын табуға кіріссе, былтыр «мисс Англия» титулын иемденген бойжеткен тәжін тастап, вируспен күресуге ақ халаттылар қатарына қосылған. Ал дәмі тіл үйірер тағамдарымен әйгілі бельгиялық аспаздар медқызметкерлерге ас дайындаса, медициналық білімі бар Ирландиялық премьер-министр міндетін атқарушы Лео Варадкар аптасына бір рет науқастарды құтқаруға ат салысады.

Ал қазақстандық әншілер болса, тойханалар ашылсын деп наразы болып отырған көрінеді

Талқылау