Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы блок-бекетіндегі жол апаты: Жүргізуші оқиға орын алмай тұрып 4 күн бұрын өз еркімен полициядағы қызметінен кеткен

Алматы блок-бекетінде жол апатына себепші болған жүргізуші оқиға орын алмай тұрып 4 күн бұрын өз еркімен ішкі істер органдарындағы қызметінен кеткені мәлім болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Азаматов

Бұл туралы қалалық ПД өкілдері айтты.

"Азаматов А.Т. ішкі істер органдарында 2014 жылдың 30 сәуірі мен 2020 жылдың 21 мамыры аралығында патрульдік полиция инспекторы болып қызмет атқарған. Өз еркімен жұмыстан кеткен. Қызметте жүрген кезінде төрт рет сөгіс алған. Бұл оның жұмысқа жауапкершілікпен қарамауы мен қызметтік тәртіпті бұзғанына байланысты", - делінген ресми хабарламада. 

Бұған қоса жол апаты орын алған сәтте оның мас болғаны расталыпты.

"Қайғылы жағдайды тексеру барысында дер кезінде орындалмаған шаралар мен тәртіпті бұзып, сөгіс алған қызметкерлердің ісіне көз жұма қарау дерегі анықталып отыр. Бұған қоса БАҚ-қа теріс мәліметтер таратылған", - деп қосты ПД өкілдері. 

Атап кетерлік жайт, ІІМ жүргізген тексеріс барысында ПД бөлімінде тоғыз адамға қатаң ескерту жарияланып, тағы үшеуі лауазымдарынан босатылған. 

Қазіргі таңда кінәлі азамат жеті жылға дейін бас бостандығынан және өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін екен. 

Еске салайық, 25 мамыр күні Алматыдағы блок-бекеттердің бірінде сұмдық жол апаты орын алып, екі полицей қаза болған еді. Тағы бір қызметкер ауыр жарақаттармен ауруханаға түсіпті.Дәрігерлер зардап шеккен азамат бүгінгі күні есін жиғанын айтқан болатын. 


"Жақында ғана лауазымы көтерілді" - Алматыдағы бақылау-өткізу пунктіндегі апатқа кінәлі адамның әкесі

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр