Маникюр мен педикюрге тыйым салынды: Нұр-Сұлтандағы сұлулық салондары қалай жұмыс істейді
Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пралиева сұлулық салондарында тек шаштараздар ғана жұмыс істейтінін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сұлулық салондарында тек шаштараздардың қызметі жалғасады. Яғни, тұрғындар шашатарын қиып, боята алады. Косметологиялық қызметтер, атап айтсақ, маникюр мен педикюр жасауға тыйым салынады", - деді Жанна Пралиева.
Бұған қоса ол қызметті тек қауіпсіздік шарасын қатаң сақтағанда ғана жүзеге асыруға болатынын айтты. Сөзінше, шаштараздар да, олардың клиенттері де міндетті түрде маска киіп жүруі керек.
"Кезек орнамауы керек. Барлық қызмет алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылуы тиіс", - деді Нұр-Сұлтанның бас санитары.
Еске салайық, 11 мамырда еліміздің аумағында ТЖ режимі аяқталған еді. Осыған орай бірқатар қызмет нысандарының жұмысы қайта жанданды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”