Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карантин режимі қалай жеңілдетіледі? Бас санитар дәрігер айтып берді

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова еліміздегі карантин режимі қалай жеңілдейтіні жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карантин

Айтуынша, Қазақстанда карантин шаралары әлі сақталады, ал оның жеңілдеуі мемлекетіміздің эпидемиялогиялық жағдайына байланысты болады. Мысалы наурыз айында індетті жұқтырғандардың өсімі 150% боса, қазір 2,3% көрінеді.  Соңғы аптада аурудың таралу деңгейі бес пайыздан да аспаған. 

"Біз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты карантин шараларын бәсеңдетуді үш кезеңге бөліп қойдық. Бірінші кезең егер бір аптада коронавирустың өсімі 7%-дан аспаса аяқталады. Екінші кезең аптасына коронавирус жұқтырғандардың саны 5%-дан төмендемейінше сақталады. Бұл елдегі әрбір аймаққа қатысты. Ал үшінші кезең ауру деңгейі аптасына екі пайыздан төмен көрсеткішті көрсетсе ғана алынады", - деді бас санитар дәрігер. 

Еске салайық, 11 мамыр күні еліміздің аумағында ТЖ режимі алынған болатын. Осыған орай еңбек министрі карантин режимінің жеңілдеуі маусым-шілде айларына тұспа-тұс келеді деп айтқан еді. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр