Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фашизмнің құрбандары: Фотоальбом сатып алған ер азамат оның адам терісінен жасалғанын анықтапты

Польшада антикварлық заттарды сататын дүкенде Екінші дүниежүзілік кезінде фашистердің өлім лагерінің құрбандарының терісінен жасалған фотоальбом табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екінші дүниежүзілік соғысынан қалған альбом бетінен жағымсыз иіс, адамның түктері мен татиуровканы байқаған азамат оны Освенциум мұрағатының қызметкерлеріне тапсырыпты. 

Музей сарапшылары альбомды толығымен зерттеп, оның мұқабасы расымен де тұтқында болған адамдардың терісінен жасалуы мүмкін екендігін растады. Олар табылған затты "адамға қарсы жасалған озбырлықтың нағыз дәлелі" деп атапты.

Зерттеушілердің пайымдауынша, альбомды жасауға Германиядағы Бухенвальд лагерінде қамауда болғандардың терісі пайдаланғанын алға тартты. 

1937 жылы Гитлер негізін қалаған лагерь ең қатыгез күзетшілер мен жаға ұстатарлық тәжірибелерімен танылған сыңайлы. 

Кейбір деректерге сәйкес, лагерь коммендантының әйелі Ильза Кох денесінде ерекше татуировкасы бар ер азаматтарды азаптап өлтіріп, кейіннен олардың терісін дизайн интерьеріне қолданған. Адам терісінен ол түрлі альбомдар мен кітаптардың мұқабасын, үстелдің бетін жабатын асжаулық жасап, ал құрбандардың басбармақтарын шамды қосуға арналған бастырма ретінде қолданған. 

альбом

Сондай-ақ әйел бұған қоса фашистік дәрігер Эрих Вагнерге көмектескен көрінеді. Ол өзінің ғылыми мақаласына адам терісін жинаумен айналысқан. Адамның жүзден астан терісі сыйлықтарға қаптама ретінде пайдаланыпты. 

Аталмыш альбомда 100-ден астам сурет пен құттықтау хаты сақталыпты. Музей қызметкерлерінің зерттеуіне сәйкес, ең алғаш осы альбом бавариялық отбасыға тиесілі болған. Ғалымдардың пайымдауынша, оларға бұл зат Бухенвальд лагерьін күзеткендері үшін сыйлыққа берілген. 

 

 

 

Талқылау