Қазақстандық семсершілер әлем кубогінде қола жүлдегер атанды
Қазақстандық семсершілер Канадада өткен Әлем кубогі кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Cемсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Канаданың Ванкувер қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде үшінші орын алды. Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Павлов бастаған отандастарымыз Гонконг пен Италияны жеңіп, жартылай финалда Жапонияға жол берді. Қола медаль үшін тартыста Қазақстан құрамасы Франциядан басым түссе, алтын жүлде үшін айқаста Венгрия Жапонияны жеңіп кетті.
Айта кетейік, бұған дейінгі Әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар командалық жарыста жетінші орынды иеленген еді.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді

