Мекке коронавирусқа байланысты қаңырап қалды
Меккедегі Үлкен мешітінің орталық ауласы коронавирусқа байланысты дезинфекциялаудан өткендіктен, қаңырап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ғаламторда жарияланған видеолар мен суреттерде Қағбаның айналысында тазалаушылардан басқа ешбір адамның жүрмегені байқалады.
Бұл жағдай коронавирустың Сауда Арабиясына жеткендігіне тікелей байланысты. Қазіргі таңда аталмыш мемлекет індетке шалдыққан бес адамның тіркелгені жайлы ресми ақпаратпен бөлісті. Олардың барлығы Ираннан оралған азаматтар екен.
Алғашында жұқпалы ауруға мән бермеген ел үкіметі кейіннен, тіпті, жұма күнгі намазға мешіттерде жаппай жиналуға тыйым салыпты. Діни орындардың барлығы дезинфекцияланып, түрмеде аурудың таралуына жол бермеу үшін, 54 мың сотталған азаматтар босатылыпты.
Сондай-ақ ел үкіметі қағаз ақша қолданбауға кеңес беріпті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”