Нұр-Сұлтан тұрғыны ерекше шаңғы тебу түрімен елордалықтарды таңқалдырды (видео)
Нұр-Сұлтан тұрғыны боранды күні шаңғы теуіп, әлеуметтік желіні шулатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Парашютпен шаңғы теуіп жүрген азаматты елорда тұрғыны өзінің терезесінен видеоға түсіріп алыпты. Әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазбада шаңғышының бірнеше иттермен бірге сырғанап бара жатқандығы байқалады.
"Сен нұр-сұлтандықтар қалай көңіл көтеретінін білесің бе?" - деп жазыпты видео авторы.
Көптеген желі пайдаланушылары азаматтың бұл ісіне қайран қалысып жатты. Сөздерінше, біреулер үйде жатып, ауа райына ренішін білдірсе, ендігілер өмірдің әр сәтіне қуанудың айласын тауыпты.
"Өзін де, иттерін де серуендетіп жүр", - деп жазыпты тағы бір желі оқырманы.
Қазіргі таңда снаукайтинг спорты елордалықтардың арасында танымалдылыққа ие. Тұрғындар қатты соққан дауыл күні сыртқа шығып, дәл осылай шаңғы тебуді жөн көреді екен.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”