Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төбесінен су ағып, қабырғалары көгерген: БҚО-да науқас желіге жариялаған видеоны аурухана басшылығы өшіруді сұраған

Науқасты БҚО ауруханасында түсірілген бейнежазбаны өшіріп тастауын өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

коллаж

Батыс Қазақстан облысындағы Даринск ауылындағы аудандық аурухананың ем қабылдап жатқан азаматша YouTube-те медициналық мекеменің қорқынышты жағдайын көрсететін видео жариялапты.

Видеоның авторы - 32 жастағы Мария Борисенко. Ол жылына екі рет омыртқа ауруына байланысты емдеуден өтеді.

Видеодан анық көрініп тұрғандай, аурухананың бөлмелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілмегені, бөлмелердің бірінде шатырдан су ағып, бұрыштарда тесіктер және зең пайда болған байқалады. Науқастар қабырғалар көгеріп кеткен жерде емделетін көрінеді. Қыс мезгіліне қарамастан дәретханада терезе жабылмайды екен. Дәретхананың өзі мүлдем ыңғайсыз. Борисенконың айтуы бойынша, науқастарға «бұл бөлмеге қолдануға мүлдем келмейді». Жуынатын бөлме болса да, науқастар оны қолданбайды. Бейнежазбада жуынатын бөлмеде бірнеше шелектер бар екендігі, алайда ол шелектер басқа мақсатта қолданылатыны көрсетілген.

Борисенконың сөзінше, бұл ауруханада соңғы рет ол 17 жаста болған, содан бері ештеңе өзгермеген.

«Мемлекет жөндеу жұмыстарына ақша бөле алмайды ма? Көптеген адамдар ашуға булығып отыр, бірақ барлығы үнсіз, олар ештеңе жасамайды. Мүмкін менің жан айқайым, жоғарыдағы адамдарға жетеді және олар бірдеңе жасайды» - деп сұрады ол.

Бейне жарияланғаннан кейін аудандық аурухананың әкімшілігі жарияланған видеоға түсініктеме берді.

«Біріншіден, біз науқас жатқан бөлмедегі жөндеу жұмысына байланысты жауап бергіміз келеді, ауа- райының қолайсыздығына байланысты (2-3 күн бойы қар жауды, қатты жел соғып тұрды), су шатырдың астына өтіп, температураның күрт төмендеуінен мұз пайда болды. Сондықтан жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу мүмкін болмады. Сонымен қатар науқастарды басқа бөлмеге ауыстыра алмадық. Ал, дәретханадағы жиек ауруханада ем қабылдап жатқан науқастардың өтініші мен тілегі бойынша алынып тастады. Ауруханадағы жуынатын бөлмені белгіленген тәртіпке сәйкес уақытта қолдануға болады. Емханада электр шайнектері бар, бірақ бейнені жазу кезінде олар болмаған, өйткені жас аналар балаларының қауіпсіздігі үшін оларды алып тастауды өтінді. Аурухана әкімшілігі барлық тілектерді ескере отырып, күн сайын өз науқастарына барлық жағдайларды жасауда. Аурухана ұжымы әрдайым жауапкершілікке ие және жоғары білікті », - деді медициналық мекеме әкімшілігі жауап ретінде.

Өз кезегінде Мария Борисенко аурухана әкімшілігі оған қоңырау шалып, бейнені өшіріп тастауын өтінгендерін айтты.

«Бұл ақтаулар өздерінің бесінші нүктелерін жабу үшін айтылған. Олар менімен хабарласып, бейнені өшіріп тастауымды өтінді. Олар айна туралы жазуды ұмытып кетіпті, ауру адамдар өздерінен қорықпау үшін барлық жерде айна болмайтындығын айтты. Бұның бәрі бос әңгіме мен сылтау деп ойламайсыздар ма!?», - деп қосты азаматша. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Басынан атқан": 21 жыл бұрын ауылдасын өлтірген қаскөй жазадан құтылып кетті  

Қазақстан заңымен 15 жыл бұрын болған қылмыс қудалауға жатпайды

Қазақстандықтар үшін Ресей азаматтығын алуды жеңілдету ұсынылды

Ресей үкіметі Украина, Белоруссия, Молдавия және Қазақстан тұрғындары үшін Ресей азаматтығын алуды жеңілдетуді ұсынды

Алматыда іс-түссіз жоғалып кеткен 14 жасар жасөспірім табылды

Полиция: "Баланың жағдайы жақсы, ешқандай зиян шекпеген"

Асқазанынан 1 келіден асатын шаш алып шықты: Таразда 13 жасар қызға ерекше ота жасалды

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай мөлшердегі қалдық кемі бес-алты жылда жиналуы мүмкін

Ломбардтың алданған клиенттері сейфтерді ашуға тырысқан: Қазақстанның бірнеше қалаларында жанжал шықты

Үш күн бойы ақшаларын ала алмай жүрген ақтөбеліктер "Гарант 24" ломбардының кеңсесінің алдына жиналды

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсететін қонақ үйлер жабылды

Интимді қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздардың жаңа легі ұсталды

Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды

Жамбыл облысы Қордай ауданының жаңа әкімі белгілі болды

"Өздерінің 12 адамның өлімін менің мойныма артып қою негізгі себебі сол": Bek Air соты басталды

Үй иесі: "Bek Air" 12 адамның өлімін менің мойныма артпақшы

"Бұл қызметке мен аспаннан түскен жоқпын": Актер Нұрхан Кәдірбаев қалайша мемлекеттік қызметкер атанғаны жайлы сөз қозғады

Тележүргізуші: Теледидарға шығу менің бала арманым болған

Коронавирустен құлан таза айығып шыққан азамат ауруға қайта шалдықты

Ол бірнеше күн бұрын сырқатынан құтылып, үйіне жіберілген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр