Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенжебек Жанәбіловтің ұлы Абайдың өлеңін жатқа айтып жұртты сүйсіндірді (видео)

Кенжебек Жанабіловтің үлкен ұлы Абайдың өлеңін жатқа айтып көпшілікті сүйсіндірді. 

Әншінің ұлы Абайдың "Қыс" атты өлеңінен үзіндіні жатқа айтты. 

"Жаттаудан “4”-тік баға алайын деп тұрған жерінен, соңғы сөзін есіне түсіріп “5”-тік баға алып келіпті", - деп жазды әкесі желіде.

Желі қолданушылары Ахметбектің қадамын қолдап, ізгі тілегін айтып жатты. 

"Мықты! Еліміздің мақтанышы болсын!", "Талабыңа нұр жаусын, жарайсың!", "Айналайын тек алға!", "Жарайсың, әкең секілді елдің үлкееен Азаматы бол, тілектеспіз", деп жазды олар.

Бұған дейін әкесі ұлын көп жерде емдеткенін айтқан еді. Тұңғышының құлағы естімейтінін айтып, мұңын шақты. Алланың берген сынағына бағынғаннан басқа амал жоқ деген өнер иесі бүгінде баласының әр қадамына қуанып жүр.

Талқылау