Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан жедел жәрдем қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қапшағайда жедел-жәрдем қызметінің көлік жүргізушілері коронавирус жайлы жалған ақпарат тараттқан деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жедел жәрдем

Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеді.

29 қаңтар күні WhatsApp желісі арқылы екі адамның коронавирус індетін жұқтырды деген күдікпен түскендігі жөнінде ақпарат тараған. Құзырлы орган ақпаратты тексергенде бұл хабарламаның жалған екені анықталған.

«Жедел-іздестіру барысында екі күдікті ұсталды. Олар Қапшағай қаласының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Екеуі де жергілікті ауруханадағы жедел-жәрдемнің көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Екі ер азаматқа жалған ақпарат таратуына не түрткі болғаны тергеу барысында анықталады», - делінген баспасөз-хабарламасында. 

Қазір екі күдікті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабының 1-тармағына сәйкес заң алдында жауапқа тартылады. Істі Қапшағай қаласының тергеушілері жүргізіп жатыр. Тергеу барысында ұсталған күдіктілер арнайы қолхатпен жіберілген.


 

STAN.KZ
Бейсенбі, 30 Қаңтар, 2020 11:33
Талқылау