Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путиннің АҚШ президентімен билеп жүрген видеосы жарияланды

Кремль  Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ-тың экс-башсысы Джордж Буштің билеп жүргені түсірілген мұрағаттық бейнежазбаны жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Путин танцует

Бейнежазба "Путин. 20 жыл" бағдарламасы аясында ел алдына жол тартқан. Ал видеоның өзі Сочи қаласында 2008 жылдың сәуір айында түсірілген. 

Бұл кезді "қоштасу сәті" деп те атайды екен, себебі осыда кейін Путин де, Буш те президент лауазымдарын босатқан. 

Бағдарлама түсірілген видеода Путиннің сахнада, ал Буштің биші қыздың біреуімен билеп жүргені байқалады. Би билеп, құмарлары қанған екі президент бас иіп, отырған орындарына жайғасады. Үстел басында Буштің әйелі де отырыпты. 

"Путин. 20 жыл" жобасы Ресей президентінің ел басқарып ж.рген кезіндегі ең айтулы күндер түсірілген мультимедиялық альбом деп түсіндірді бағдарлама жетекшілері. Бұл жобада Путиннің 20 жыл ішіндегі ең қызықты, ең маңызды жұмыстары жинақталған. 


 

Талқылау