Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әуекомпанияларға Иран арқылы ұшудан сақтануға кеңес берілді

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпанияларға Иран әуе кеңістігімен ұшпауға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандық әуекомпанияларына Иран арқылы ұшудан сақтануға кеңес берілді

Эйр Астана авиакомпаниясы Ирак пен Иранның әуе кеңістігіндегі рейстерді қоспағанда, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға бағытты өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар рейстердің уақыты келесідей көбейеді: Алматы - Дубай 20 минут, Дубай - Алматы 10 минут, Нур-Сұлтан - Дубай 55 минут, Дубай - Нұр-Сұлтан 35 минутқа артады.

«Эйр Астана» әуекомпания оқиғаларды мұқият қадағалап отырады және бұдан кейін қандай да бір өзгерістер болса, халықты хабардар етеді. Жолаушылардан рейстер кестесін airastana.com сайтында немесе Брондау және ақпарат орталығына 244 4477 (Алматыдан) және 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларынан) телефондары арқылы, сондай-ақ +7 702 702 4477 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада. 

Ведомствоның хабарлауынша, қалыптасқан жағдайға байланысты қазақстандық авиакомпаниялар тиісті елдердің навигациялық қызметтерімен келісе отырып, Иранның әуе кеңістігі арқылы ұшу үшін балама әуе бағыттары бойынша жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта екі қазақстандық авиакомпания - Эйр Астана және SCAT Иранның әуе кеңістігі арқылы тұрақты рейстерді орындайды.

«Эйр Астана» әуе компаниясы Иран әуе кеңістігі арқылы Нұр-Сұлтаннан Дубайға (аптасына 5 рет) және Алматыдан Дубайға (аптасына 10 рет) рейсжасайды.

«SCAT» авиакомпаниясы Алматыдан Медина мен Джиддаға (аптасына бір рет) және Алматыдан Шарм-аль-Шейхке және Шымкенттен Шарм-аль-Шейхке Иранның әуе кеңістігі арқылы жоспарланған екі рейсті орындайды», - деп хабарлайды ААК.

«Сонымен қатар, БАӘ авиакомпаниялары -«Fly Dubai» (Дубай-Нұр-Сұлтан - аптасына 5 рейс, Дубай-Алматы - аптасына 7 рейс), «Этихад» (Абу-Даби-Нұр-Султан - 2 рейс/аптасына) Air Arabia (Шарджа-Алматы-5 рейс / аптасына) Иранның әуе кеңістігі арқылы тұрақты рейстерді (барлығы 19 рейс / аптасына) орындайды.

Ирандық Mahan Air әуе компаниясы Тегеран-Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асырады», - деді агенттік.

Бұған дейін Украина халықаралық әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы ұшудан кейін апатқа ұшырады деп хабарланған болатын. Ұшақ Тегераннан Киевке бара жатқан. БАҚ-тың хабарлауынша, жолаушылардың бәрі қайтыс болған. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, украиндық әуе кемесінің апатында қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 08 Қаңтар, 2020 17:09
Талқылау