Мысырда қайтыс болған дипломаттың денесін Түркістан облысына жерледі
Египеттегі Қазақстан елшілігінде жұмыс істеп, Каирде қаза тапқан дипломат Еламан Жолдасовтың денесі Қазақстанға жеткізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне марқұмның туысы Нәзипа Өсербаева хабарлады.
Марқұмның денесі Түркістан облысында жерленген.
Әйелдің сөзіне қарағанда, Еламан 31 желтоқсанда өзінің туған қаласы Түркістан облысы Шарбұлақ ауылында жерленген. Өсербаева тасымалдау құнын Қазақстан сыртқы істер министрлігі көтергенін атап өтті.
«Еламанның әйелі мен балалары әлі Мысырда. Ол жүкті, біз онда қанша тұратынын білмейміз» деді ол.
Нәзипа Өсербаева сонымен бірге өлімнің себебі әлі де тергеу амалдары арқылы тексеріліп жатқанын қосты.
13 желтоқсанда Каирдегі үйінің кіреберісінде Еламан Жолдасовтың мәйіті табылды. Кейін марқұмның жесірі Айнұр Молдабаева Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Әйел күйеуінің өлімі туралы егжей-тегжейлі және ашық тергеуді сұрады.
Египеттегі елшілік қызметкерінің қайтыс болуы туралы 15 желтоқсанда хабарлады. ҚР СІМ өкілдері өздерінің ішкі тергеулерін жүргізу үшін Каирге аттанды. Қазір Мысырдың прокурорлары бұл істің мән-жайын тексеріп жатыр. Жолдасов Египетте студенттік кезінен бастап тұрды. Қазақстан елшілігінде мәдениеттанушы болып жұмыс істеді. Артында екі баласы мен жүкті әйелі қалды.