Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылда полицейге ақша ұсынған азаматқа 252 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

Жомарт боламын деп жоқ жерден пәлеге қалды. Жол полициясына мың теңге пара бермек болған тараздық тұрғын 252 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Көліктің жарығын жағуды ұмытып кеткен азамат полицей хаттама толтырмас үшін мәселені ақшамен шешуге тырысыпты. Тәртіп сақшысын әңгімеге тартып, мың теңге берген жүргізуші жасырын камераға түсіп тұрғанын байқамай қалған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жол полициясына пара ұсынып жатқан азамат түсірілген видеоны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері таратқан. Жол ережесін бұзған 38 жастағы азамат полицияға асығып бара жатқандығын айтып, мәселені жеңіл жолмен шешпек болған. Алайда жасырын камераға түсіріп отырған тәртіп сақшысы жүргізушіден ақша алуға бас тартып, іс жайлы жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне жолдаған. Ал департамент өкілдері заң бұзған азаматқа 1000 айлық есептік көрсеткіш ретін айыппұл салып, өндіріп алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің сөзінше, мұндай жағдайда ешқандай ескерту берілмейді екен. 

"Бұл жағдайда ескерту деген жоқ. Нақты айыппұл қарастырылған. Оның көрсеткіші 200 АЕК-ден бастап, 75 АЕК-ге дейін жетеді", - Жамбыл облысының жемқорлыққа қарсы департаменттің басшысының орынбасары Равиль Төлебаев. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Желтоқсан, 2019 12:25
Талқылау