Павлодар облысында даладағы құдықта тұрып келген әйел анасымен қауышты
Ақтау қаласының тұрғыны Павлодар облысының Ақсу қаласында екі ай далада қанғып жүрген қызын тапты. Анасы мен баласының қауышуы жергілікті тұрғын әрі волотердің арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап.
Ақсу қаласының тұрғындары далада қалған Айнұрдың туыстарын жаппай іздеуге жұмылыпты. Әйел бұрын Ақтаудан тұрғанын айтқан.
Бірнеше жыл бұрын Айнұр Ақсу көшіп, сол жерде тұрмыс құрыпты. Кейіннен оның күйеуі үйінен қуып шыққан. Ал байғұс әйелдің барар жері, басар тауы қалмапты.
Өзінің туған өлкесінен Айнұрдың анасы Ақсуға келіпті. Мырзабек есімді жергілікті еріктілердің бірі панасыз қалған әйелге көмектесіп, оның жақындарымен кездесуіне себепші болыпты.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн