Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды
Екі апта бұрын жоғалып кеткен 24 жасар барменнің мәйітін полицейлер жұма күні елорда маңынан тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-сұлтан полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Жиырмасыншы қыркүйек күні сағат 13.30 - да "Қарқаралы" тас жолы бойындағы полиция департаментінің қызметкерлері "Қосшы" кентіне жетпей із-түзсіз жоғалып кеткен А. Б. мәйітін тапты", - делінген хабарламада.
Жас жігіттің мәйітін туыстары таныды. Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
"Өлімнің алдын ала себебі - тыныс алу жолдарының асфиксі. Аталған факті бойынша қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. "Өзін - өзі өлтіруге дейін жеткізу" қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп көрсетеді құқық қорғау органдары.
Бұл бап бойынша жаза - үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру көзделген.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында бармен болып жұмыс істеген астаналық Әнуар Байзуров 6 қыркүйекте үйінен шығып, телефонын сатып, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен еді. Оны іздеуге полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылған болатын.
Тергеу барысында жігіт ойынқұмар екені, сондай-ақ, букмейкерлік кеңселерде бәс тіккені белгілі болды.