Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Несие рәсімдеуге көмектеcемін деген: Шымкентте алаяқ әйел 12 тұрғыннан ақша алып, алдап соққан

Шымкентте 12 адамды алдаған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды. Ол адамдарға мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз несие алып беруге уәде берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz басылымы бойынша, өзін мемлекеттік мекеме қызметкерімін деп таныстырған келіншек азаматтарға кәсіп ашу үшін қомақты сомаға несие алуға көмектесеміз деп уәде еткен. Зардап шеккендердің айтуынша, олар қаскүнемді қаладағы базарлардың бірінде кездестірген. Ол "қызметі" үшін барлығынан 300 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін алған.

Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Полицейлер жәбірленушілерден сұхбат алып, олардың ақша аударымдарын және базардағы бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы мен тұрғылықты жері анықталды.

Әйел қамауға алынып, қазір қамауда. Оның мемлекеттік мекемелерге еш қатысы жоқ екені анықталды. Оның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін.


4,5 миллион теңгеге "дуаның бетін қайтарған": Шымкентте өзін көріпкелмін деген әйел тұрғындарды алдап соққан 


 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 18 Мамыр, 2022 10:01
Талқылау