Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4,5 миллион теңгеге "дуаның бетін қайтарған": Шымкентте өзін көріпкелмін деген әйел тұрғындарды алдап соққан

Алаяқ көріпкелдің құрбаны болған екі әйел 4,5 миллион теңгесінен қағылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рolisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, алаяқ әйел үйді аралап, қайыр сұраған. Оған есік ашқан иелеріне ол басқа әлемнің күштері үйге залал келтірілгені туралы айтқан және егер одан арылмаса, үлкен қайғы болуы мүмкін екенін айтты. Әйел үй иелеріне тазарту рәсімін өткізу үшін үйдегі бар алтын қажет деп сендірген.

"Жәбірленушілердің айтуынша, зергерлік бұйымдарды қолына алып, ол жұмбақ түрмен бір нәрсе сыбырлап, үйдің айналасында жүрген, біраз уақыттан кейін ізін суытқан. Келтірілген зиянның жалпы сомасы 4,5 миллион теңгені құрады", – деді полицияда.



Жәбірленушілердің үйлерінің жанында орнатылған сыртқы бейнебақылау камералары алаяқтың жеке басын анықтауға көмектесті.

"Видеоны қарап шыққан тәртіп сақшылары күдіктінің таксиде отырғанын анықтады. Жедел уәкілдер автокөлік нөмірі бойынша такси жүргізушісінің жеке басын анықтап, онымен сұхбат жүргізді. Ол әйелді үйге алып келгені белгілі болды. Күдіктіні тәртіп сақшылары тұрғылықты жері бойынша ұстады", – деп түсіндірді ведомствода.

Ұсталған азаматқа қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау