Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неліктен Шыңғысханның моласын іздеуге болмайды

Адамзат тарихында ең ірі құрлықтық империя құрып, даңқы әлемге тараған қолбасшыға айналған қағанның зиратында есепсіз байлық сақталған болуы мүмкін.

_97034104_khan7

Бұл туралы BBC жазады.

Шыңғысхан құрған империя өз дәуірінде Тынық мұхиты аумағынан Каспий теңізіне дейінгі атырапты жайлап жатты. Аңызда айтылғандай ол өзінің құпия түрде, ешкім білмейтін мекенге жерленгенін қалаған. Өлі денені көтерген сарбаздар жолындағының барлығын түгел өлтіріп отырған. Ал ол жерленгеннен кейін ешбір із қалдырмас үшін, мыңдаған атты зираттың үстінен шаптырған екен.

Оның өлім құшқанынан бері 800 жыл өтсе де, еш адам баласы даңқты қағанның қайда жерленгенін таба алар емес. Түрлі халықаралық экспедициялар тарихтағы жазбаларға сүйеніп, ландшафттарды зерттеп, тіпті ғарыштан түсірілген суреттер бойынша да іздеу салып көрген. Алайда осы ізденістің барлығымен тек шетелдіктер ғана айналысқан. Ал моңғолдардың өздері қағанның сүйегін іздеуге аса құлықты емес. Бұл Шыңғысхан Моңғолияның қазіргі тұрғындарына қызық болмағандықтан емес, керісінше…Оның бейнесі барлық жерде бар: ақшада да, су бөтелкесінде де. Ол өзі өлген 1227 жылға қарағанда дәл қазір Моңғолияда да ерекше танымал деп айтуға болатындай.

Батыс БАҚ-тарында бұл тақырыпқа қатысты түрлі толғамдар мен болжамдар өріп жүр. Ондағы әңгіме егер Шыңғысханның сүйегі табылса, ақырзаман орнауы мүмкін деген ұғымға саяды.

Бұл ретте Орта Азиядағы әйгілі түрік қолбасшысы Әмір Темірдің оқиғасы еске түседі. XIV ғасырда дүниенің жартысын дүрліктірген қолбасшының зиратын археологтар 1941 жылы тапқан еді. Іле-шала фашистік Германия КСРО-ға басып кірді. Бірқатар адамдар осы бір моланың ашылуы үлкен соғыстың басталуына себепші болды деп есептейді.

Улан-Удэ университетін “халықаралық қатынастар” мамандығы бойынша бітіріп шыққан аудармашы Уэлун мәселе ырым да емес дейді. Айтуынша, ұлы хан өз зиратының ашылғанын қаламаған екен. “Олар қағанның сүйегін бүркемелеуге барынша тырысты”, – дейді ол. Ал оны қазып, тауып алу Шыңғысханның соңғы жарлығын екі етумен бірдей.

Бұл қазіргі Моңғолияда таралған ең танымал аргумент. Бұл елдегі әр үйдің қабырғасынан Шыңғысханның суретін оңай кезіктіруге болады. Көптеген тұрғындар өздерін әлемді билеген ханның ұрпағымыз дейді. Шыңғысхан – моңғолдар үшін құдіреттіліктің белгісі іспетті.

Археолог Димажава Эрденебатар ел астанасы Ұлан-Батырдағы мемлекеттік университеттің археология факультетін басқарады. Ол аңызға айналған қағанның сүйегін іздеуге байланысты жапон-моңғол біріккен экспедициясына қатысқан. Ол кезде іздеу жұмыстары Онон, Керулен, Туул өзендері ағып жатқан қаған өмірге келген Хэнтий аймағында жүргізілген. Экспедиция “Үш өзен” деп аталған.

Алайда бұл оқиға 1990 жылдардағы демократиялық өзгерістермен тұспа-тұс келді де, Моңғолия демократиялық жаңа бетбұрыстармен бірге Шыңғысхан моласын іздеуден бас тартты. “Үш өзен” жобасы да осылайша тоқтап қалды.

Хунну патшасы тастармен шаршы түрде қоршалған 20 метр тереңдікте жерленген. Ғалымдар алғашқы зиратты 10 жыл мерзімде қазып бітті. Алайда бұл зират ұрлаушылардың құрбанына айналған екен. Бірақ, ғалымдар бағалы заттардың санын есептеп, хуннулардың дипломатиялық байланыстарының кең болғанын анықтайды. Онда Қытай дөңгелектері, рим әйнектері және құнды металдар болған.

Көптеген зерттеушілер Шыңғысхан моласы да осындай қазынаған толы дейді. Ал Шыңғысхан хуннулар дәстүрімен жерленген болса, онда оның зиратын тіпті мүмкін емес.

Тағы бір аңызға сүйенсек, Шыңғысхан Хэнтий аймағындағы Бұрхан-Халдун шыңында жерленген. Бұл аймақ Ұлан-Батырдан 160 шақырым қашықтықта орналасқан. Жас кезінде Шыңғысхан сол жерде жауларынан жасырынып, және өлген соң сол жерге келу серт еткен-мыс. Бірақ, ғалымдар моланың таудың қай беткейінде екендігіне байланысты бір келісімге келе алмаған.

“Бұл қасиетті тау. Бірақ бұл онда қаған жерленген дегенді білдірмейді”, – дейді профессор Содном Цолмон. Ал моңғол этнологы Бадамхатанның айтуынша, Бұрхан-Халдун деп аталатын тарихта бес шың бар. Ал қазіргі Бұрхан-Халдун сол ең дұрыс нұсқасы болуы мүмкін. Бұл қасиетті тауға әйелдердің шығуына болмайды. Тіпті, ұзақ уақыт император отбасы мүшелерінен басқа адамдар үшін де жабық болған. Бірақ, қазіргі таңда бұл аймақ ЮНЕСКО мұралары тізіміне енген.

Бұрхан-Халдун бұл мәртебеге ие болғаны бері ол зерттеушілер үшін жабық аймаққа айналды. Және бұл Шыңғысханның моласын зерттеуге бағытталған кез-келген теория дәлелсіз қалдырылады дегенді аңғартса керек.

Шыңғысхан – Моңғолия тарихындағы ең танымал адам. Ол құрған империя ұлы жібек жолының арқасында батыс пен шығысты байланыстырды. Ол өзі басып алған мекендердің аумақтық тұтастығы мен діни еркіндігіне қол сұққан жоқ. Оның тұсында пошталық жүйе енгізіліп, қағаз ақша шығарылды. Ол әлемді басып алған ғана жоқ, өркендетті де.


Мемлекеттерді жойып, өзен арнасын бұрып отырған: Ұлы қолбасшы Шыңғысхан туралы қызықты он дерек

Талқылау