Қазақстанда баспана бағасының арзандау себебі белгілі болды?
Қазақстанның статистика комитеті баспана нарығындағы бірден жандануды констатациялайды. Алайды сарапшылардың пікірінше, пәтерлерді сатып алу–сату мәмілелері бойынша ресми статистика жылжымайтын мүлік саласындағы нақты ахуалға сәйкес келмейді.
Статистика жөнідегі комитеттің деректері бойынша, маусымда баспананы сатып алу – сату мәмілелерінің саны 21 мыңнан асты, ол осы жылғы мамырмен салыстырғанда 7,8%-ға, ал 2016 жылғы маусыммен салыстырғанда 26,3% көп, деп хабарлайды Sputnik.
Бірақ ресми цифрлар өз жылжымайтын мүлкін біраздан бері сата алай жүрген қарапайым қазақстандықтардың да, сарапшылық қауымдастығының да сұрақтарын туғызды.
“Статистика жөнідегі комитет қолданысқа енгізіліп жатқан үйлердің мәмілелерін қоса барлық мәмілелерді қамтитын мәліметтерді бірге береді. Мәселен, мың пәтерлі қандай да бір тұрын үйді қолданысқа енгізеді, келісімдер бұрын алдына ала ретінде немесе үлестік қатысу келісімі ретінде жасалған. Нысан қолданысқа беріліп, бүкіл мың пәтерді сатып алу – сату немесе меншікке бері келісім-шарттарымен рәсімдейді. Ол мәміле ресми тіркеуден өтеді – міне сізге статистика”, — деп түсіндірді Arbat Real Estate жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры, Қазақстан риэлторларының бірлескен қауымдастығы кеңесінің мүшесі (ОАРК) Марина Грушина.
“Статистикалық басқарманың деректері нарықтағы сұраныс пен қозғалыс бағасын зерттеуге келмейді, өйткені жалпы мәліметтерді алып, оларды нақтыламайды. Іс жүзінде жаз айлары – маусым, шілде, тамызда мәмілелер саны бойынша үнемі төмен жүреді”, — деп түсіндірді ол.
“Демалыс маусымы жылжымайтын мүлік нарығындағы әдеттегі тынышталумен сипатталады. Екінші деңгейлік нарықта сатушылар өз нысандарын сату үшін бағаны түсіріп, жеңілдіктер жасауға мәжбүр. Жаз басталғалы бер Астана мен Алматыда әртүрлі аудандар мен сегменттер бойынша баға 2-3%, ал өңірлерге 5-7%-ға дейін арзандады”, — деп хабарланады Homsters.kz. сайтында.
Сұраныстың өсіп, ал бағалардың төмендеуі жұқалап айтқанда таңғалдырады, өйткені сұраныс және ұсыныс заңына қайшы келеді. Бірақ статистика ырықсыз. Міне finprom.kz сараптама агенттігі жылжымайтын мүлік нарығындағы “бумнан” қазақстандық риэлторлардың табысын есептеп те үлгерді.
“Баспана нарығындағы белсенділік өсімнің толқынында нарықтың кәсіби қатысушылары рекордтық табыстар тіркейді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсандағы қорытындылар бойынша жылжымайтын мүлік нарығындағы операциялармен айналысатын ұйымдар жалпы алғанда 76 миллиард теңге көлемінде табыс алған”, — finprom.kz. хабарлайды.
Осы компанияныңсарапшылары атап өткендей, 2017 жылғы алғашқы 5 айда Қазақстанда пәтерлер мен жеке үйлерді сатып алу – сату бойынша 90 мыңнан астам мәміле жасалды. Бұл соңғы 5 жылда қаңтар-мамырда жасалған мәмілелердің ең көбі. Егер 2016 жылдың алғашқы бес айымен салыстырар болсақ, онда мәміле саны бірден 27,5%-ға артты.
“Іс жүзінде ондай өсім жоқ. Цифрлар бойынша, әрине өсім бар, бірақ бөлшектеп талдайтын болсақ, бірнеше көп пәтерлі тұрғын кешендерін қолданысқа берілгенін көруге болады, мінде осыдан күніне қосымша 500 мәміле. Яғни бұл екінші нарықтағы мәмілелер емес екені айқын. Статистикаға бірнеше жыл бойы жасалып, нысан қолданысқа берілгеннен кейін бірмезетте рәсімделген мәмілелер кірді”, — дейді Марина Грушина.
“Бұл цифрларды нарықтағы жағдай тұрғысынан бағалар болсақ, онда оны алғашқы нарықтағы сұраныс өсімімен негіздеуге болады. Маусымда әдетте бірінші де, екінші де нарықтағы баспана сатып алуға сұраныс төмендейді. Ол демалыстық маусымға байланысты. Сұраныс қыркүйекте ғана қалпына келе бастайды. Алайда үстіміздегі жылы алғашқы баспана сегментінде маусымда біз сұраныстың өсімін тіркедік. Homsters.kz-те жаңа үйлерден баспана сатып алуға тапсырыс саны 20,6%-ға өсті. Егер өсімді өткен жылғы маусыммен салыстырар болсақ, ол 47%-ға көп”, — деп жалғастырды тақырыпты Жылжымайтын мүлік сатып алушыларына арналған Homsters.kz онлайн-сервисінің басқарушы серіктесі Мария Рен.
Оның сөзінше, мұндай динамика мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламаларының дамуының арқасында нарықтың жанданғанын айқындайды екен.
“Маусымда “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша 10%-бен алғашқы ипотекалықнесие берілді. Бұл сатып алушылардың назарын алғашқы нарыққа тартты. ІІ тоқсан бойы Тұрығын үй құрылыс банкі бағдарламасы бойынша баспана сатып алуға мүдделі сатып алушылар жүгінулерінің саны артып отырды. Маусымда 10%-бен ипотекаға белгілі бір нысаннан баспана алуға болады ма деген сұрақтармен қоңыраулар жауа бастады”, — дейді сарапшы.
Жалпы айтқанда, дағдарыс Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығын бір сілкіп алып, жаңа тенденциялар берді. 2017 жыл бәлкім нарық қатысушыларының есінде өзгерісті ретінде қалар.
Тағы да оқыңыз:
Қызылордада әкімдік ғимаратын әкім деп «таныстырғандар» күлкіге қалды
Қызылордада қатты ыстықтан бағдаршам еріп кетті
Жол апатында екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева ауруханада түскен суретін жариялады