Неліктен кинотеатрларда қазақ тілді фильмдер жоқ - Министр Аида Балаева түсіндірді
Қазақ кинотеатрларында мемлекеттік тілге дубляждалған фильмдер жоқ неге жоқ? Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр елімізде қазақ тіліне дубляж жасау мәселесімен киноматографияны қолдау орталығы айналысатынын айтты. Балаеваның сөзінше, қазір бұл бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда қазақстандық компаниялар шетелдік кинопродюсерлердің қойған критерийлеріне сәйкес келмейді.
"Біз осы жылы бірнеше рет конкурс жарияладық, өкінішке қарай, біздің өндірушілер халықаралық компаниялардың талаптарына сәйкес келмейді. Оларда осы мультфильмдерді өндірушілер сұрайтын нақты сертификат жоқ. Мен индустрия өкілдерімен кездесіп, осы тәсілдерге заңнамалық өзгерістер енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз", - деп жауап берді Аида Балаева ОКҚ брифингінде.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"