Неліктен BAE Systems компаниясы Air Astana акцияларын нарықтағы құнынан төмен бағаға сатты

Британдық BAE Systems компаниясы Air Astana акцияларының бір бөлігін нарықтағы құнынан төмен бағаға сатып, мәмілені барынша тез аяқтау үшін өтінімдерді жедел жинау тәсілін таңдады. Компания үшін жоғары табыс табудан гөрі келісімді қысқа мерзімде жабу маңызды болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finmentor Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
BAE Systems компаниясы Air Astana акцияларының бір бөлігін нарықтағы құнынан төмен бағамен сатқанын GWM Capital Ltd басқарушы компаниясының бас директоры Арман Батаев айтты. Оның сөзінше, қазақстандық әуе компаниясының 9 миллион жаһандық депозитарлық қолхатын (GDR) сату кезінде BAE Systems жеделдетілген букбилдинг тетігін қолданған. Бұл тетік шектеулі уақыт ішінде қорлар мен басқа да ірі инвесторлардан өтінімдер жинауға көмектеседі. Сол өтінімдер қорытындысы бойынша баға қалыптасып, бағалы қағаздар бөлінеді.
Тарихындағы ең ірі тапсырыс: Air Astana компаниясы Airbus A320neo-ның 50 ұшағын сатып алмақ
“Классикалық қайталама жария орналастыру (SPO) немесе алғашқы жария орналастыру (IPO) айырмашылығы, процедура ұзақ роуд-шоусыз немесе кең ауқымды маркетингсіз жүзеге асырылады”, – дейді Батаев.
Оның айтуынша, жеделдетілген букбилдинг тетігі (ABB) көбінесе транзакция жылдамдығы мен нарықтық тәуекелді азайту керек болған кезде қолданылады. Сондықтан акциялар әдетте қазіргі бағаға дейін жеңілдікпен сатылады.
“Жеделдетілген букбилдинг тетігі (ABB) үшін жылдамдық өте маңызды. Себебі бұл құрал нарықтық және ақпараттық тәуекелдерді азайту үшін арнайы қолданылады”, – деді Батаев.
Батаевтың сөзінше, мәмілені кейінге қалдыру нарықта қолайсыз қозғалыстардың пайда болуына себеп болады. Нарықтың бұлай құбылуы жаңалықтар, макроэкономикалық деректер немесе геосаяси жағдайлармен байланысты.
“Алғашқы жария орналастыру процесінің жүруі бағаға қысым жасайды. Егер процесс кешіктірілсе, нарық акциялардың қосымша ұсынысын алдын ала бағалайды. Ал баға мәміле жасалғанға дейін төмендейді”, – дейді Арман Батаев.
Арман Батаевтың айтуынша, BAE Systems Air Astana акцияларының пакетін сататынын жариялаған күні баға бірден төмендеген. Ал компания орналастыруды созса, одан әрі түсуі мүмкін еді дейді.
“Мәмілене жылдам жабу ақпараттың таралуы мен спекуляция қаупін азайтады. Сатушы үшін жылдамдық бұл анықтық. Ақша іс жүзінде бірден, белгіленген баға бойынша тартылады. Апталар бойы күтудің қажеті жоқ және нарық көңіл-күйіне тәуелді емес. Сондықтан жеделдетілген букбилдинг тетігі әдісі көбінесе максималды бағаға емес, сенімді әрі жылдам мәміле жасалатын жағдайларда таңдалады”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Британиялық BAE Systems компаниясы Air Astana-дағы үлесінің бір бөлігін сатқаны туралы жазған едік.
"Қазақ қыздары жеңіл жүрісті дегенге намыстандым": 6 жыл Кореяда жұмыс істеген отандасымыз автоүй мен кемелер жасаған