Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неге жейдемен? Жағада жүгірген Назарбаевтың видеосы қазақстандықтарды таңқалдырды (видео)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі Instagram желісінде оның жағада жүгіріп жүрген видеосын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде тұңғыш президенттің неліктен жейде киіп жүгіріп жүргенін түсінбей аң-таң, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Назарбаев

Әлеуметтік желіде Елбасының спортпен шұғылданып жүрген сәтте түсірілген видеосы тарады. 

«Елбасының дайындығына 1-ден 10-ға дейін баға беріңіздер» деп жазылған оның тұсында. 

«Неге екені белгісіз, 5-6-7-сынып оқып жүрген кезімізде Шамалғандағы сыныптастар бәріміз теңізші болғымыз келді. Бәріміз теңізші болуды қаладық. Теңіз туралы әндер айтып жүрдік», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Желі қолданушылары өз кезегінде оған жарыса денсаулық тілеп жатты. Көпшілік оның неліктен жейдемен жүргенін түсінбейтінін айтты. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @elbasy_live

«Жүз жасаңыз», «Өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді», «Аман болсын. Оннан да жоғары бағаға лайық», «Оған футболға сыйлаңыздаршы», «Жыл тренді – жейде мен түсініксіз шорты», «Жейде киіп алып жүгіріп жүр ме?», «Атамыз көйлекпен де жүгіре береді екен», «Әрбір зейнеткердің дәл осылай жағада жүгіріп, бақытты болуға мүмкіндігі болсын», «Керемет», «Жақсы көремін сізді» деп жазды желі қолданушылары. 


"Бір күн ерте кеткен дұрыс": Назарбаев Мәсімовке отставкаға кететінін қалай айтқан >>>
Талқылау