Соңғы жаңалықтар

Неге "СК-Фармация" 2 ай бойы гуманитарлық көмекті таратпады? Денсаулық сақтау вице-министрі жауап берді

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова онлайн-брифингте неліктен Қазақстанда 2 ай бойы гуманитарлық көмекті тарататын оператор болмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Людмила Бюрабекова

Вице-министрден 11 мамырда төтенше жағдай режимін алып тастағаннан кейін "СК-Фармацияның" гуманитарлық көмекті бөлу жөніндегі функцияларын аяқтап, осы қызметті тек 4 шілдеден бастап қайта қолға алғаныны туралы сауалға түсініктеме беруді сұрады.

"Үкімет "СК-Фармация" деп анықтаған бірыңғай дистрибьютор, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай сатып алушы болып табылады. МӘМС аясында бірыңғай дистрибьюторға гуманитарлық көмекті қабылдау және бөлу бойынша өкілеттіктер беру үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет болды. Бүгінгі күні барлық осы рәсімдер аяқталды. "СК-Фармация" бұл мәселемен заңнамалық деңгейде айналыса алады", - деді Людмила Бюрабекова.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "СК-Фармация" компаниясын тексеруді бастағаны хабарланды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "СК-Фармация" мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырды. Көп ұзамай басшылар қызметінен кетті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр