Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Неге ол менің бұрынғы күйеу балам екенін айтпайды": Гүлмира Сатыбалды жәбірленушіге күтпеген сұрақ қойды

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында сөйлеп жатқан жәбірленуші, кәсіпкер Абай Жүнісовке айыпталушы Гүлмира Сатыбалды кенеттен сөйлеп қалды. Ол оған "Неге менің күйеубалам екеніңді айтпайсың?" деді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: КТК арнасыФото: КТК арнасы

"Мені Назарбаевтың бұрынғы келіні деп атаудан жалықпайды, ал неге ол өзінің менің бұрынғы күйеу балам екенін айтпайды? Оның атына бірнеше рет қылмыстық іс қозғалса, мен сондай күшті, қолында билігі бар адам болсам, неге сол істер жабылып қала берді? Сөзім жоқ", – деді айыпталушы Гүлмира Сатыбалды.

Ал жәбірленуші, кәсіпкер Абай Жүнісов Гүлмира Сатыбалдымен қарым-қатынасын жасырмайтынын айтты. Оның сөзінше, айыпталушы ықпалды адамдарға, өзінің бұрынғы күйеуіне сүйене отырып, әрекет еткен. Сонымен қатар Жүнісов өзіне қатысты істер дәлел болмағандықтан қысқартылды деді.

"Мен сіздің күйеу балаңыз екенімді жасырмаймын. Сіз бұрынғы күйеуіңіз Қайрат Сатыбалды сияқты беделді адамдарға сүйеніп, әрекет еттіңіз. Маған қатысты істер жабылды, себебі менің қатысым дәлелденбеді”, – деп жауап берді Абай Жүнісов.

Сонымен қатар сот отырысында жәбірленушінің адвокаты қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жүнісовтің Сатыбалдымен бірге иелік етіп, компания салған "Восточка" тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысы бар ВТБ банк эпизодына байланысты істі тергеп жатқанын айтты. Қорғаушының айтуынша, олар сол кезеңдегі шенеуніктердің, атап айтқанда, олардың пікірінше, алаяқтық схемасына қатысқан банктердің бірінің, әкімдік пен квазимемлекеттік ұйым өкілдерінің жауапкершілігі туралы мәселе көтеріп отыр.

"Эпизод ауқымды, күрделі, ол 24 үйдің құрылысына байланысты. Құрылысты қаржыландырған уақытта Абай Жүнісов заңсыз түрмеде отырған. Сол кезде Сатыбалды Мәскеуге ұшып барып, ВТБ банкінің өкілдерімен қаржыландыру мәселесін ақылдасқан. Сонда банк Сатыбалдының сенімді өкілдерінің компанияны тиімсіз басқаруынан құрылыстың тоқтап қалуы салдарынан қаржыландырған, бірақ оны Жүнісовтің жеке кепілдігімен есептен шығарған. Олар Жүнісов бәрінен хабардар және өзі келіскен деп көрсеткен. Нәтижесінде Гүлмира Сатыбалды банктің ақшасын өз пайдасына аударып алған да “қарыз” деп Жүнісовке жазып кеткен. Сосын ВТБ Мәскеуде сотқа шағым түсіріп, сот шешімімен Жүнісовтен 7,8 миллиард теңге өндіріп жатыр. Банк өкілдері Бостандық сотына шағым түсірді, ал біздің сот бұл шешімдердің күшін жойды", – деді жәбірленушінің адвокаты Рашид Теңізбаев.

Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалдыға қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (заңсыз бас бостандығынан айыру, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған алдын ала сөз байласу), 194-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы (зорлық-зомбылық қолдану қаупімен аса ірі мөлшерде бопсалау) бойынша айып тағылып отыр.

Онымен бірге Мәди Батыршаев Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (заңсыз бас бостандығынан айыру, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған алдын ала сөз байласу) айыпталып отыр.

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды 2023 жылдың маусым айында Қызылорда сотымен тағы 8 жылға бостандығынан айырылған. Бұл іс те бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру бабы бойынша қаралған.

Талқылау