"Неге мешітке жиі бармайсыздар": Жұлдыз Әбдікәрімова өзін ұлының қалай ұялтқанын айтты

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың ұлы ерекше сұрақ қойып әке-шешесін ұялтып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайлы Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жазба қалдырған. Ұлының бір кездері ыңғайсыз жағдайға қалдырғанын да жасырмады ол. Нарұл есімді ұлы мешіт туралы сұрақ қойғанда Қайрат Нұртас та, Жұлдыз Әбдікәрімова да сасып, не жауап берерін білмей қалған көрінеді. Артынша ұлын жиі мешітке жіберетін болған.

"Мына бір оқиға есіме түсіп отыр. Ол кезде Нарұлым кішкентай. Айналасын тану мақсатында түрлі сұрақтар қоятын. Бір күні көлік ішінде келе жатып, мешітке көзі түсті. "Анашым, бұл не?" деп сұрады. Мен "Бұл құдайдың үйі. Мұнда адамдар намаз оқып, құлшылық қылады. Ол бізді Жаратушы. Сондықтан осындай өмірді нәсіп еткеніне үнемі рақмет айту керек. Мешіт жүрек демалатын жер" деп әдемілеп түсіндіріп жатсам, "Онда сіздер неге жиі бармайсыздар?" дейді. Баламнан мұндай сұрақ күтпегендіктен біраз кідіріп барып, "Жұма сайын барып тұрамыз" деп жауап бердім. Осы әңгімеден кейін әкесімен жиі мешітке жіберетін болдым", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова. ⠀

Бала тәрбиесі туралы жиі жазатын көпбалалы Жұлдыз Әбдікәрімова ата-аналарға тағы да кеңес берді. Кез келген ата-ана балаларына сұрағанына қанағаттанарлық жауап беруі керек дейді ол. Әбдікәрімованың айтуынша баланың аузын жаба берсеңіз, оның бойында жасықтық, еріншектік пайда болып, қызығушылығы төмендейді. 

"Жалпы, ата-ана жан-жақты, білімді болу керек екенін ұқтым. Себебі балалар жас ерекшеліктеріне қарай түрлі сұрақтар қояды. Қызығушылығы оянады. "Анашым, жүрек қалай жұмыс істейді?", "Ми қалай тамақ ішеді?", "КСРО деген не?", "Оған қанша мемлекет кірген?", "Мысықтар неге лақтырса да төрт аяқпен түседі?". Балаларыма "білмеймін" деп жауап бермес үшін, қолым қалт етсе қосымша ақпараттар оқып жүремін. Өкінішке қарай, "түүүй, қойшы!", "сөйлей бермеші!" деп баланың аузын жабатын ата-аналар жоқ емес. Содан баланың қызығушылығы сөніп, жасық боп қалады. Үйде "мені ешкім естімейді" деп өскен бала, сыртта да "үндемей-ақ қояйын" деген оймен өмір сүреді. Ал сізде қалай?!" - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.  

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз
Çàãðóçêà...