Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Неден бастарымызды білмей отырмыз": Сәкен Майғазиев көпшіліктен кеңес сұрады

Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/

“Музарт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев мәлімдеме жасап, көпшіліктен кеңес сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі ұлының үйленетінін ресми түрде жариялады. 

“Алла қаласа, ұлымыз Әділет үйленейін деп жатыр. Шаңырағымызға келін түседі. Осы күнге дейін қаншама тойда жүрміз. Бұл тойдың жөні бөлек. Анасы екеуміз ортақ шешімге келе алмай жатырмыз. Қонақ кәде, тойбастар, қонақтар тізімі бәрін ескеріп жатырмыз. Біреудің қуанышына ортақ болып жүрген біз, енді өз баламыздың тойына дайындалып жатырмыз. Бұл – қуаныш қана емес, үлкен жауапкершілік. Құрметті оқырман, бізге кеңес беріп, той ұйымдастыру тәжірибеңізді бөліссеңіз екен. Сіздерден ақыл-кеңес күтеміз”, – деп жазды әнші. 


  • "Келін түсірмесек, істемейміз": Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындығын көрсетті

  • "Әлеуметтік желіден естідім": Сәкен Майғазиев ұлының үйленуіне қатысты пікір білдірді


Айта кетейік, жұлдызды қайын атаның құдалары жаңаөзендік екенін айтқан еді. 

“Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні Жаңаөзеннің қызы, жасы жиырмада. Руы – адай, Әдия есімді бойжеткен. Тойдың қашан болатынын Әділеттің досы Олжас Еспанов айтып қойған еді. 

“Екі жақтың ата-аналары ресми түрде танысып, тәтті шай ішкен жоқ. Бірақ кездескендерін естідім. Тамыз айының аяғында үлкен тойды жоспарлап отыр”,  – деген еді Нұрлан Еспановтың ұлы. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 28 Мамыр, 2025 10:10
Талқылау