"Не қысқармайды, не өспейді": Айгүл Иманбаева мен Ұлықпан Жолдасовтың әзілі көпшілікті күлдірді
Фото: Видеодан скриншот
Танымал актриса, әнші Айгүл Иманбаева мен Ұлықпан Жолдасовтың әзілі жұртты күлкіге қарқ қылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші сазгердің ешқашан қартаймайтынын айтып қалжыңдады.
“Бұл жалғанда қартаймайтын бір адам бар. Ол – Ұлықпан Жолдасов. Не шашы түспейді, не әжім түспейді. Не бойы қысқармайды, не өспейді. Тек терлейді", – деді актриса.
Сазгер әріптесінің сөзін әзілмен қабылдады. Желі қолданушылары әртістің қалжыңына үн қосып жатыр.
"Осы кісілер қартаймасын", "Арықтамайды, семірмейді де", "Сіз де мүлдем өзгермепсіз", "Айгүл де катырады екен", “Ұлықпан – қазақ әншілерін шығарып, елге танытқан”, “Аман жүрсін жақсы жандар”, – деп жазды олар.
Еске салайық, Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаева немересінің тұсаукесер тойын өткізген еді.
Талқылау

Қазақстандық әйел шетелдік күйеуінің кесірінен 2 жасар қызымен табыса алмай жүр
Бүлдіршін ағылшын тілін білмейді, сондай-ақ жүрегі ауырады

500 миллиондық пәтер мен су жаңа көліктер ойнатуда: Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен